"Көкшетау" поэмасы

Әлеуметтік өмірде, Совет өкіметі үшін күрес жолында ұлтшылдыққа қарсы батыл күрескен.. олардың кертартпалық сыпаттарын үнемі ашып айтып, әшкерелеп отырған Сәкен әдебиетте де осы жат ағымға қарсы үн қатты. Халық аңыздарын зерттей отырып, ақын осы поэмасында Арқаның көрікті жері — Көкшетауды ел тарихымен, оның ізгілік жолындағы күрестерімен байланыстыра жырлады. Ұлтшыл қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев шығармаларында, әсіресе, оның «Батыр Баян» поэмасында табиғат ылғи қара жамылған қасіретті күйінде көрінсе, Сәкен «Көкшетауда» табиғаттың ашық көркем күйін советтік жаңа адамдардың жарқын болашағымен байланысты суреттеді.
«Көкшетау» поэмасының 1929 жылғы басылуына Сәкен «Он жетіге» деген беташар ұсынған. Бұл он жеті — еңбекші елдің ұлдары, советтік ақын-жазушылар, әншілер. Бұлардың ішінде Сәбит Мұқановтың, Елжас Бекеновтың, Мәжит Дәулетбаевтың, Ғабит Мүсіреповтың, Өтебай Тұрманжановтың, Сабыр Шәріповтың, Бейімбет Майлиннің, тағы басқалардың аттары аталады.
Ақын поэмасын осыларға сыйға тарта отырып, советтік дәуірдегі творчество бостандығын, ақын жыры өз меншігі емес, халықтың ортақ меншігі екендігін баса айтады. Сондықтан да ол шығармасын қазақ ақын-жазушыларының біріне емес, бәріне ұсынады.
Абайдың бұл сыны, көбінесе, әркімге мақтау өлең айтып, ат мініп, шапан киіп кайтатын, айтыса қалса өзінің жүдеушілік халін есіне алмай, елінің байларып мақтайтын феодалдық дәуірдің ақындарына арналған еді. Осындай теріс әдеттердің салдарынан «қазақта өлең деген бір қадірсіз» болғанын Абай көріп, кейіді. Заман өзгерісін, оның жаңашыл бағытын түсінген ұлы ақын ән мен күйге, өлең жырға үлкен творчестволық мән-мағына берді. Халық өмірінің ән-күймен тығыз байланысты өрбуі заңдылығын түсінген ол ақындық сөзді елге рухани азық берер қасиетті де қадырлы еңбек деп бағалады. Сәкен Көкше аңыздарының ішіне «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы әңгімелерді бөліп алады. Бұл аңыз әңгімелер Көкшетаудағы бірнеше жерлердің жоғарыдағы аттарға ие болуы жайын шертеді. «Жеке батыр» тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып кетуімен байланысты туса, «Бурабай» сол көлді мекен еткен ақ бас бура тарихымен байланыстырылады. Ақынның ескі аңыз-әңгімелерге сын көзімен қарап, оған халықтық тұрғыдан баға бере білгенін осы тұста анық байқауға болады. Сәкен жырлауындағы ел аңызында Бурабай көлін мекендеген ақбас бура — ардақты ел күзетшісі, соның жақсылық, жаманшылығына ортақ жануар болып суреттеледі. Мұның өзі тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болған халықтың сол малды аруақты деп табынуы кезіндегі ұғымның әсері болуы ықтимал. Ақ бура ел өміріне қатысы бар елеулі жайларды алдын ала сезетін болған деседі. Оны елге білдіруге тырысып, бақсыдай азынап тауды кезген.




Thank you! Your submission has been received!
Oops! Something went wrong while submitting the form.